3132

Елордада адамдар көп шоғырланатын орындарда рейд жүргізу жалғасуда

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы мен полициясы волонтерлермен бірге төтенше жағдай талаптарын бұзушыларды анықтауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шара кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіп бұзылған жерлерді анықтаса, волонтерлер ұйымдардың қызметшілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Бұл шаралар қалада коронавирус таралуын алдын алу үшін және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Аталмыш тәртіпті бұзғандарға алдымен ескерту жасалады, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Оған бағынбаса ТЖ енгізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін әкімшілік қамауға алынады», - деп ескертті учаскелік полиция инспекторы Әли Әбитаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында адамдар көп шоғырланатын нысандардың бірқатарының жұмысы тоқтатылды: кинотеатрлар, театрлар, көрме мен ойын-сауық орындары, сондай-ақ түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтары, жаттығу залдары, бассейндер және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109