2472

iKOMEK орталығына күн сайын 29 мыңға жуық өтініш түседі

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күн сайын iKOMEK орталығына 7 мыңнан 29 мыңға жуық өтініш түседі. Бұған қоса,  әкімдіктің коммуналдық кәсіпорындары мен басқармаларына тағы 6 мыңға жуық мәселемен тұрғындар жүгінген. iKOMEK орталығына 1800-ден астам қызмет түрлері шоғырландырылған. Барлық өтініштер түгелдей қаралып, тіркеу нөмірімен тұрғындардың өтініштер тізіміне енгізіледі. Бұдан соң мемлекеттік және коммуналдық қызметтерге жолданады.

"iKOMEK орталығы елорданың тіршілік әрекетіне қатысты мәселелер бойынша өтініш қабылдауды жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар әдеттегідей іске асырылып жатыр. Алайда, қазір болып жатқан жағдайларға байланысты барша қала тұрғындары мен қонақтарын өтініш беруде цифрлық тәсілдердің мол мүмкіндіктерін қолдануға шақырамыз",- деді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова.

Мейлінше ыңғайлы болу үшін өтініштерді Facebook, Instagram, Telegram-бот әлеуметтік желілері немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы жіберу мүмкіндігі жолға қойылған.

iKOMEK109 бірыңғай байланыс-орталығы 2018 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында астаналық тұрғындардан 3 млн 300 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Елорда әкімдігінің бірыңғай байланыс-орталығына

тұрғындар қала тіршілігіне қатысты мәселелер бойынша хабарласады. Әкімдікке қарасты барлық 752 ұйым бірыңғай байланыс орталығына біріктірілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109