9612

Алтай Көлгінов карантин тәртібін сақтау жөнінде – "Адамдардың жауапсыздығы басқалардың өміріне зиян тигізбеуі керек"

Құрметті қала тұрғындары!
 
Өздеріңіз білетіндей, коронавирус тез тарап, ауырған адамдардың саны артып келеді. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар. Індет кесірінен қаза болған кісінің отбасына көңіл айтамыз. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады.
 
Бұл оқиға инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін тағы бір рет көрсетті.
 
Біріншіден, Ол аурухананы қазір карантинге жаптық, кейбір дәрігерлер де карантинге жатты.
 
Тағы бір карантинге жабылған нысан – ол №1 автобус паркі.
 
Мониторинг барысында аталған мекеменің жұмысшысы вирус жұқтырғаны анықталды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін автопарк жұмысшылары тескеруден өтеді. Мекеме аумағына және автобустарға дезинфекция жұмыстарын жүргіздік.
 
Біз бұл қауіпті тәртіп пен қатаң шараларсыз еңсере алмаймыз.
 
Екіншіден, Екіншіден, 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тоқтайды. Автопарк жұмысшыларының денсаулығы тексеріледі.
 
Байқағанымыз, мереке күндерінен кейін көшедегі халықтың қарасы көбейді.
 
Азаматтардың оқшаулануын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланды. Медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастыруға көмектесеміз.
 
Үшіншіден, азық-түлік алуға, дәріханаларға баруға, медициналық қызмет алуға және рұқсат етілгендерге жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі. Басқаның бәрі шектеледі, үйден шығуға болмайды.
 
Бір айта кететіні, бұл енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс Төтенше жағдайдың тәртібі.
 
Енді қала көшелерін патрульдік қызмет қадағалайды.
 
Әлдекімнің жауапсыздығы басқа адамдардың өміріне қауіп болмауы тиіс!
 
Төртіншіден, 25 наурыздан бастап зейнеткерлердің, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдарын және азық-түлікті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Өтініштер iKomek 109 қызметі арқылы қабылданып жатыр.
 
Азық-түлік дүкендері жұмыс істей береді.
 
Бесіншіден, кәмелет жасына толмаған балалардың үлкен адамдарсыз көшеде жүруіне тыйым салынады. 6 сәуірден бастап оқушыларды онлайн форматпен оқуға көшіреміз.
 
Алтыншыдан, саябақтар, скверлер, жағалаулар, көшедегі балалар ойнайтын алаңдар, тағы басқа қоғамдық орындардың барлығы жабық.
 
Құрметті қала тұрғындары!
 
Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз! Темірдей тәртіптен басқа жол жоқ. Жақындарыңыздың жаны қиналғанын күтпеңіздер. Қазірден бастап қамданған жөн!

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109