1181

Нұр-Сұлтанда 11 пациент коронавирусты жеңді

Енді олар екі апта бойы үй карантинінде болуы тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін 28 наурызда 11 пациент сауығып, үйлеріне жіберіледі. Олар 16-17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының инфекциялық ауруханасының станционарында коронавирустан ем қабылдаған болатын. Барлық пациенттер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеу схемасын толық аяқтады. Ем аяқталған соң, 24 сағат интервалымен КВИ-ға зертханалық зерттеу мақсатында олардан 2 рет тиісті анализдер алынды. Бұл адамдарға 14 күн бойы үй карантинінде болу ұсынылды», – деп мәлімдеді бүгін елорда әкімдігінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.

С. Қисықованың мәліметіне сүйенсек, 27 наурызда коронавирусты жұқтырудың 15 жағдайы, 28 наурызда 32 жағдайы тіркелген. Олардың 41-і,  яғни 90%-ға жуығы – науқастармен жақын байланыста болған азаматтар. Олар бұдан бұрын оқшауланып, қазіргі кезде стационарлық бақылауда жатыр. Қалған 6 жағдай мониторинг барысында анықталған: 1 азамат эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елден келсе, 5 адам КВИ шалдыққан науқастармен байланыста болған.

Қазіргі таңда аталмыш азаматтардың барлығы ауруханаға жатқызылды.

«Зерттеу жұмыстарының барысында коронавирустық инфекцияға шалдыққандығы расталған азаматтардың барлығы қазіргі кезде ауруханаға жатқызылды. Олармен байланыста болған азаматтарды анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Науқастармен байланыста болғандар оқшауланады», – деп атап өтті Қисықова. 

Оның айтуына қарағанда, қаладағы стационарлардағы КВИ шалдыққан пациенттердің екеуінің жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағалануда.

 «Олардың жағдайы бірқалыпты. Науқастар өкпені жасанды түрде желдету қондырғысына қосылған. Дәрігерлердің мультидисциплинарлық комиссиясы күн сайын консилиум өткізеді, тағайындалған ем, оны жүргізу тактикасы түзетіледі. Олар КВИ хаттамасына сәйкес ем қабылдауды жалғастыруда. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық. Олар КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес ем қабылдап жатыр», – деп мәлімдеді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бұдан бөлек, елорданың екі ауруханасында пациенттердің коронавирусқа шалдығып-шалдықпағандығын диагностикалауға арналған қосымша бөлімдер ашылды.

Орталық теміржол ауруханасының базасындағы терапиялық корпуста 27 наурыздан бастап пульмонологиялық бейіндегі пациенттер немесе тыныс алу органдарының ауруларына шалдыққан пациенттер үшін оқшауланған қабылдау-диагностикалық бөлімі ұйымдастырылды. Мұнда КВ инфекциясын растау және емді және оны жүргізу тактикасын анықтауға арналған қосымша процедуралар жүргізіледі. Осы ретте пульмонологиялық бөлім 150 орынға дейін кеңейтілді.

Қалалық №2 емхананың базасында Желтосан көшесі, 36 мекен-жайы бойынша орналасқан корпуста обсервациялық емхана ұйымдастырылды. Аталмыш медициналық нысан бір ауысымда 150 адамды қабылдауға қауқарлы. Бұл емхана КВИ шалдықты деген күдігі бар пациенттер үшін диагностикалық орындармен жабдықталған. Мұнда тиісті алгоритмге сәйкес қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

Қаладағы көпбейінді 3 аурухананың акушерлік блоктарда жеке кіру бөліктері бар туу бокстары ұйымдастырылған. Олар аяғы ауыр және босанатын әйелдерді қабылдау үшін толықтай жабдықталған.

«Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келген барлық жолаушыларды оқшаулау жұмыстарын жалғастырудамыз. Біз 22- 27 наурыз аралығында елордаға келген 18 рейстің 1483 жолаушысын, соның ішінде 3 нәрестені тексерістен өткіздік. Барлық жолаушылардан зертханалық зерттеу жүргізу үшін биоматериалдар алынды», – деді Қисықова. 

Оның айтуына қарағанда, аталмыш шараның барысында 3 жолаушының КВИ шалдыққандығы анықталды. Олармен алгоритмге сәйкес байланыста болған тұлғаларды анықтау, оқшаулау жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, 27-нен 28 наурызға қараған күні 3 рейстің 227 жолаушысы қабылданды. Олардан зертханалық зерттеулерді өткізу мақсатында тиісті анализдер алынды.

«Ұсыныстар мен өтініштерден біз қатаң талаптарға көшеміз. Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін барлық ережелерді және талаптарды сақтауға шақырамыз. Далаға шыққан кезде маска кию режимін қатаң сақтауыңызды сұраймыз», – деп түйіндеді Қисықова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109