1761

Нұр-Сұлтанда антисептиктер мен маска берілетін нүктелер белгілі болды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскалар мен вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті қайдан алуға болатыны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты. 

"Басқарма қаладағы дәріханаларда медициналық маскалар, тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер мен антисептиктердің болуын жіті бақылауда ұстауда. Қадағалау нәтижелері басқарманың Facebook парақшасында үнемі жаңартылып отырады. Қазіргі уақытта вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен маскаларды келесі ұймдардан ала аласыздар.Олар «Іңкәр» ЖШС,  «Ақниет» ЖШС, «Науза Адель» ЖШС, «Саламат», «Еурофарма», «Альфамед",- деді З. Исаков.

Бұдан бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болған, шұғыл ауруханаға жатызылуы тиіс  адамдарды анықтау бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

" Жақын байланыс туралы мәлімет беруді бұлтарту бойынша 1 дерек тіркеліп,  материал қалалық полиция басқармасына жіберілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды",-деп түйіндеді З. Исаков.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109