10576

Қатаңдатылған карантин режимі кезінде қызметі тоқтатылмайтын ұйымдардың тізімі

Ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 6 сәуірі аралығында коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметі уақытша тоқтатылады.

 Өз қызметін тоқтатпайтын ұйымдар мен кәсіпорындар:

 

  1. Денсаулық сақтау жүйесі, мыналарды:

1)      Медициналық мекемелерді (ауруханалар, емханалар);

2)      Зертханалық қызметтерді;

3)      Дәріханаларды қоса алғанда.

  1. Ветеринариялық қызметтер
  2. Қалалық инфрақұрылым және коммуналдық қызметтер, мыналарды:

1)      Электр энергетикалық компанияларды;

2)      Сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау;

3)      Өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтерін;

4)      Тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтерді (электриктер, сантехниктер, аулалар мен орын-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның  ішінде лифтілерге қызмет көрсету бойынша);

5)      Көшелер мен орын-жайларды жинауды;

6)      Қоқыстар мен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жаратуды;

7)      Дезинфекциялауды;

8)      Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдарды;

9)      Телекоммуникациялар мен байланысты;

10)    Мамандандырылған көлік құралдарының және такси қызметінің көрсетілетін қызметтерін;

11)    Пошталық, курьерлік қызметтерді.

12)    Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының, «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШЖҚ-дағы МКК байланыс-орталықтарын.

  1. Әуежай.
  2. Бірінші қажеттіліктегі тамақ өнімдерімен және тауарлармен байланысты сауда желілері, супермаркеттер мен азық-түлік дүкендері, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан дүкендер.
  3. Бұқаралық ақпарат құралдары.
  4. Автожанармай және автогазжанармайларын құю станциялары.
  5. Басқа да маңызды қызметтер, оның ішінде:

1) тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізу сервистері.

2)      тек қана онлайн тапсырыстарды қабылдаумен  және күшейтілген санитарлық нормаларды сақтай отырып, сағат 20:00 дейін курьерлермен жеткізумен мейрамханалар, дәмханалар.

3)      сауда-логистикалық орталықтарды, қоймаларды, азық-түлік өнімдерін, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дистрибуциялау

Егер мекеменің қызмет саласы  жоғарыда аталмаса, бірақ осы ұйымның басшысы мекеменің қызметі халық пен қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін маңызды немесе қызмет ерекшелігіне байланысты тоқтатылмауы мүмкін деп санаса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Жедел штабқа 109 нөмірі арқылы алдын ала хабарласып, негіздемесі бар жазбаша сұрауды ұсыну қажет.

Қызметтің рұқсат етілген түрлерінің тізбесіне енгізілмеген салалардың барлық ұйымдары мен кәсіпорындары осы шешімді қолданудың барлық уақытында күнделікті жұмыс режимін тоқтатуға тиіс және өз қызметін қашықтықтан, оның ішінде онлайн режимде жалғастыруы мүмкін.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109