45140

2020 жылдың 30 наурызы сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы аумағында кәсіпорындардың жұмысын шектеу алгоритмі

30 наурыз сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін азық-түлік, медициналық сауда логистикалық орталықтары,  азық-түлік сататын сауда нысандары, азық-түлік тауарлары дистрибьюторлары, қаланың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа (коммуналдық, байланыс қызметтері) қаладағы барлық кәсіпорындар жұмысын тоқтатады.

Жұмыс істеуіне шектеу қойылмаған кәсіпорындар келесі талаптарды сақтауы тиіс:

1.Әр сағат сайын дезинфекция жүргізу және санитарлық шараларды күшейту(кіреберіске қызметкерлерге арналған санитайзер орнату, арасы 2м кем емес қашықтықта жұмыс орындарын қамтамасыз ету);

2.Жұмысқа мейлінше аз қызметкерлерді тарту;

3.Кәсіпорын қызметкерлеріне санитарлық шаралар сақталған орталықтандырылған жеткізу-тасымалдауды ұйымдастыру.

Жұмыс істеуге рұқсат етілген қызмет түрлері тізіміне енбеген барлық ұйымдар мен кәсіпорындар күнделікті жұмыс режимін уақытша тоқтатуы тиіс, олар жұмыстарын қашықтықтан онлайн режимде атқара алады.

 

Рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі:

1)денсаулық сақтау жүйесі:

-ауруханалар;

-дәріханалар;

-зертханалық қызметтер;

-ветеринарлық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметі;

-шұғыл стоматологиялық қызмет үшін стоматология қызметі;

2)қалалық инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтер:

-электоэнергетикалық компаниялар;

-су және жылумен қамтамасыз етуші компаниялар;

-өртке қарсы және апаттық құтқару қызметі;

-тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер(электрик, сантехник, аула және үй-жайларды тазалау, жеделсаты қызметін қосқанда авариялық қызмет);

-көшелер мен үй-жайларды тазалау;

-қалдықтар мен қоқыстарды жинау, өңдеу және жою;

-залалсыздандыру;

-жол қозғалысын қадағалаудағы техникалық тетіктердің қызметін қамтамасыз ететін ұйымдар;

-телекоммуникация және байланыс, БАҚ;

-мамандандырылған көлік құралдары мен такси қызметі;

-пошта, курьер қызметі;

-Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ, "Қалалық бақылау және жедел әрекет ету орталығы" ШЖҚ МҚК филиалдарының байланыс орталықтары;

3)Жұмыс режимін құрылыс аумағынан шықпай істеуге мүмкіндік беретін, құрылыс аумағында жұмысшыларға арналған жатақханасы бар құрылыс компанияларының қызметі;

4) азық-түлік пен ең қажетті тауарлар сататын сауда желілері, супермаркеттер, азық-түлік дүкендері мен азық-түлік базарлары(жұмыс уақыты 10:00-нан 20:00-ға дейін белгіленген көпқабатты үйлерде орналасқан азық-түлік дүкендерін қоспағанда, ірі және орта сауда нысандары қызметкерлерінің орталықтандырылған барыс-келісі мен  санитарлық нормалардың күшейтілуін қамтамасыз еткен жағдайда штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырады);

5)өңдеу өнеркәсібі (азық-түлік өнімдеріне арналған орама, сусын өндірісін қосқанда азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары, химиялық және медициналық өнеркәсіп(химреагенттер, дәрілер, медициналық құрал-саймандар));

6)Күзет ұйымдары мен кәсіпорындардың меншікті күзет қызметі;

7)Автокөліктерге жанармай және газ құю станциялары;

8)Өзге де маңызды қызметтер:

-азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар, сондай-ақ аса қажет тауарларды жеткізу қызметі (жұмыс уақытын анықтау және тасымалдаушылар үшін қала ішінде жүріп-тұруға сағат 9:00-дан 20:00-ге дейін рұқсат ету).

-нысан аумағынан шықпай жұмыс режимін қамтамасыз ететін қонақ үйлер мен хостелдер;

- қызметкерлеріне орталықтандырылған барыс-келіс пен санитарлық нормалардың күшейтілуін қамтамасыз еткен сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, азық-түлікті өнімдерінің, дәрі өнімдері мен медициналық бұйымдардың дистрибуциясы;

-банк қызметі (карантин кезінде инкассаторларға қала ішінде жүріп-тұруға рұқсат ету, жұмыс уақыты 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелген бас кеңсенің жұмысын қоспағанда, барлық екінші деңгейлі банк бөлімшелері мен филиалдарын жабу).

9)Бірінші басшыларының шешімі бойынша мемлекеттік басқарудың үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың ведомствоға қарасты ұйымдары.

Қала ішінде адамдар немесе адамдары бар көліктер жүріп-тұрған жағдайда өздерімен бірге рұқсат етілген ұйымдарда жұмыс істейтінін растайтын құжаттары - жұмыс берушінің мөрі басылған анықтама,  көліктер үшін баратын жері көрсетілген (жеткізу мекен-жайы) жол парағы болуы тиіс.

Көрсетілген құжаттарсыз адамдар мен көліктердің қозғалысына рұқсат етілмейді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109