1687

Нұр-Сұлтанда ШОБ субъектілеріне карантин талаптарын түсіндіру шаралары жалғасуда

Қазіргі уақытта ақпараттық-түсіндіру шараларымен 250-ден астам шағын және орта бизнес  субъектілері (көп пәтерлі үйлерде орналасқан дүкендер, аула дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер) қамтылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасында мәлімдегендей, короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында прокурорлар, полицейлер, әкімдік және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кызметкерлерінен тұратын мобильдық топ кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин талаптары мен төтенше жағдай режимін сақтау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«29 наурыздағы жағдайға сәйкес, 250-ден астам шағын және орта бизнес  субъектілері (көп пәтерлі үйлерде орналасқан дүкендер, аула дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер) түсіндіру шараларымен қамтылды.

Жеке меншік иелері мен жалға алушылар аралау барысында «Төтенше жағдай туралы» заң,  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулылары және қалалық шұғыл штаб  шешімінің талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу ге бағытталған іс-шаралар аясында жұмыс кестесін және тәртібін белгілеу, санитарлық және дезинфекциялық шаралар талаптарын сақтау қажеттігі айтылды», – деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109