2811

Нұр-Сұлтан қаласының бас полицейі тамыр-таныс арқылы блокбекеттерден өту мүмкіндігі туралы ақпаратты теріске шығарды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының басшысы Ержан Сәденов қала әкімдігінде өткен брифингте елордадағы ағымдағы жедел шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

 "30 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді.

Азаматтардың және автокөліктердiң қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды.        Полиция қалада тәулік бойына қызмет атқаруда, мобильдi топтар, жаяу нарядтар бар. Блок бекеттерде жағдайды дрондардың көмегімен бақылап отырмыз.    Елорданың аумағы бірнеше шаршыға бөлініп қадағалануда.  Әрбір шаршыда тәртіп сақшылары жағдайды мұқият бақылап отыр. Қалаға 26 мобильді бекет қойылды",-деді Е.Сәденов.

Оның айтуынша, кейбір азаматтар бірнеше мәрте ескертулерге қарамастан карантин режимін бұзып, көшеге шығуларын тоқтатпаған.

"28 наурыздан бастап елордада келесі адамдарға ғана көшеде жүруге рұқсат етіледі.

Бірінші – азық-түлік алуға, екінші – медициналық  қызметтерге жүгінуге немесе дәрі-дәрмек сатып алуға, үшінші – жұмысқа бару үшін. Қалған азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылды.

Кәмелет жасқа  толмағандарға ересектердің қарауынсыз қалада жүруге болмайды. Отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан артық жүруге тыйым салынған",-деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасы басшысының мәліметінше, үш күннің ішінде, яғни, 28 және 30 наурыз аралығында полицияға 307 адам жеткізілген. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды (104-айыппұл).  2000 мыңнан астам  профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, карантин режимі басталғаннан бері (22 наурыздан бүгінге дейін) төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 369 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 86-сы қамауға алынды, 202-іне айыппұл салынды, 64-іне ескерту жасалды, 17 іс сотта қаралуда.

Сонымен қатар блок бекеттерде 98 адам жазаға тартылды, оның ішінде 80 адам  қамауға алынды, 14 азаматқа айыппұл салынды, 4 іс соттың қарауында жатыр. Карантин режимін бұзған 116 кәсіпкер жазаға тартылды, оның 5-еуі қамауға алынды, 102 адамға айыппұл салынды, 9 іс соттың қарауында.

Журналистердің сауалына жауап берген Нұр-Сұлтан қаласы Полиция басқармасының басшысы кейбір азаматтар тамыр-таныс арқылы блокбекеттерден өтуде деген ақпаратты теріске шығарды.

"Блокбекеттерден таныс арқылы өтуге болады деген жалған ақпарат таралғаны бізге мәлім. Шындыққа жанаспайтын бұл ақпаратты таратқан адамдарды іздейміз және табамыз. Бізде осы тектес мәліметтерді тексеретін ішкі қауіпсіздік басқармасы бар. Мұндай деректер болған жоқ және оның болуы да мүмкін емес",- деп сендірді Е.Сәденов.

Ол сондай-ақ, полиция қызметкерлері «Сергек» камералары арқылы жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін және олардың «үй-жұмыс» бағыты бойынша бағдарын базаға енгізгенін айтты. Өз бағдарын бұзғандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаға тартылады.

"Құрметті қала тұрғындары! Карантин режимі кезінде үйден шықпауларыңызды талап етеміз",- деп түйіндеді Сәденов.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109