2438

Нұр-Сұлтанда қар суының 200 мыңнан астам текше метрі сорылды

Су астында қалған жерлерден суды сору жұмыстары ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қардан тазарту және оны шығару жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласында тәулік бойы жүргізілуде. Арнайы штаб құрылып, қардан тазарту жұмыстарының кешенді жоспары бекітілді. Су астында қалған 37 орын анықталған.  Олардың 7-і – Алматы ауданында, 12-сі – Байқоңыр ауданында, 13-і – Есіл ауданында, 5-і – Сарыарқа ауданында. Әрбір нысан бойынша қажетті материалдар бөлініп, жауапты тұлғалар бекітілді. Жұмыс, бірінші кезекте, қардан тазарту және нөсерлі кәріздерді тазалау мақсатында атқарылып жатыр.

Қалада, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңында су тасқынына қарсы жұмыстар қолға алынды.

«Еріген суды сору қаланың барлық көшелерінде жүргізіліп жатыр. Аулаларды аралау жұмыстары да жалғасуда. Мұндай жұмыстарға қалада 200-ден астам машина, 20-дан астам мотопомпа жұмылдырылған.  Осылайша елорда әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті қызметтер қаладағы орындардың жаппай су астында қалуын болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауда», – деп мәлімдеді «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары Марсель Ұзақов.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда Майбалық көлі мен Нұра - Есіл арнасынан суды өткізу шаралары жүргізіліп жатыр. Бейсеков көшесінде өзен арнасын кеңейту жұмыстары басталып кеткен.

Су басу мәселелері бойынша тұрғындар Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, «Астана Тазалық» ЖШС-нің (8 7172) 48-43-26 нөміріне және аудан әкімдіктерінің телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109