4266

Қазақстандықтар карантин кезінде ағылшын тілін тегін меңгере алады

Мұндай мүмкіндікті ел тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұсынып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ағылшын тілінің негіздерін үйрету мақсатында өткізілетін онлайн курсты біліктілігі жоғары маман – Кристина  Яичникова  жүргізеді. Сабақ берушінің айтуына қарағанда, бұған дейін ол ағылшын тілін қашықтықтан үйретуден біраз тәжірибе жинап үлгерген.

«Менің басты ұстанымдарымның бірі – «Өзіңе ғана емес, өзгеге де жақсылық жасауды ұмытпау». Мен осыған дейін онлайн режимде сабақ беруден біраз тәжірибе жинадым. Карантин уақытында сол тәжірибемен бөлісудің сәті түсіп отыр. Сабақты онлайн режимінде жүргізу барысында ағылшын тілін аз уақыт ішінде меңгеру тәсілдерін де үйретуге тырысамын. Курста біз грамматика негіздерін қарастыратын боламыз. Ал жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында үй тапсырмалары беріліп, кейінгі сабақта қатысушылардың оны қалай орындағандығын тексереміз», – дейді Кристина Яичникова.

Айта кетейік, аталмыш сабақтар аптасына бір рет әлеуметтік желідегі @ennnglish парақшасында және You tube каналында (https://www.youtube.com/channel/UCjmxlG0R_ItNkUZLucXZDVA)  тікелей эфирде жүргізілетін болады.  Әр сабақтың ұзақтығы: 1 – 1,5 сағат. 2 айға созылатын тегін курстың алғашқы сабағы 1 сәуірге белгіленген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109