2318

Нұр-Сұлтанда рекордтық мөлшерде қар шығарылды – елорда әкімі коммуналдық қызметкерлерге алғысын білдірді

Қала әкімі Алтай Көлгінов коммуналдық қызметкерлерге қыс уақытында, су тасқынына қарсы кезеңде, карантин кезінде тынымсыз еңбек етіп жатқандары үшін алғыс білдірді.

Қаланың коммуналдық қызметтері қысқы кезеңде 6,5 млн текше метрден астам қар шығарды,өткен қыста бұл көрсеткіш 2,5 млн текше метр қарды құрады. Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар белсенді жалғасып жатыр. Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, су реттегіш бөгет салу жұмыстары жалғасып жатыр. Майбалық көлінің арнасын қардан тазартылып жатыр. Ұзындығы — 5 км 700м. Су реттегіштің жұмыс режимі бекітілді. Су реттегішті күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Елді-мекендерге ерекше көңіл бөлінеді. Ильинка елді-мекенінде дамбаны биіктету бойынша жұмыстар атқарылса, Көктал-1 елді-мекенінде уақытша жер үйінділері салынды. Өндіріс елді-мекенінің тұрғындары "жауған қар мөлшері өте көп, бізді өткен жылдары бірнеше рет су басқан еді, биыл да солай болады деп ойладық. Алайда, қарды тазалап берді",-деп атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді.

"Қыс қарлы болды, боран да болды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан күндіз-түні аянбай жұмыс істедіңіздер. Бірлескен күш-жігердің арқасында 6,5 млн.текше метрден астам қар шығарылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Бұл сіздің еңбегіңіз. Біз сіздің еңбегіңізді бағалаймыз. Қалада су басу қаупі жойылды,енді су қоймасындағы жағдайды тұрақтандыру қажет. Қазір карантин кезінде де сіздер аянбай, адал еңбектеніп жатсыздар. Қаланы таза ұстап, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын ретке келтіріп, көшелерді, тазалап жатсыздар. Кез – келген еңбек бағалануы керек, карантин кезінде жұмыстанып жатқан қызметкерлерге сыйақы беріледі", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сәйкес егер қараша және желтоқсан айларында жауған қар мөлшері нормадан екі есе жоғары болса, қаңтар және ақпан айларында нормадан үш есе артық болды. Қыста  99 мм нормада - 200 мм қар жауды.

Қала әкімі Алтай Көлгіновтың тапсырмасына сәйкес жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту үшін коммуналдық техника паркі айтарлықтай жаңарды. 150-ден астам арнайы техника сатып алынды. 2020 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдық қызметкерлердің еңбекақысы көтерілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109