3403

Нұр-Сұлтан қаласында 28 наурыздан бері карантин режимін бұзған 421 адам полицияға жеткізілді

Блокбекеттерден кіріп-шығу бойынша ерекше режимді бұзған 99 адам жазаға тартылып, оның 84-і қамауға алынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"30 наурыздан бері елордада төтенше жағдай күшейтілді. Нұр-Сұлтан қаласының полиция басқармасы коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қолдануда. Полиция нарядтары көбейтілді. Қаланың барлық аудандарындағы   азаматтар мен автокөлік құралдарының қозғалысы қатаң қадағалануда.Тәулік бойы күзет жүргізіліп, ұтқыр топтар, жаяу нарядтар іс барысын қадағалауда. Блокбекеттердегі ахуал әуеден дрондар арқылы бақылануда",- деп мәлімдеді департамент мамандары.

Құқыққорғау басқармасының дерегінше, 28-31 наурыз аралығы қалалық ПБ аумақтық бөлімшелеріне 421 адам әкелінген. 31 наурыздағы ақпарат бойынша, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 434 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оның 90-ы қамауға алынды, 221-іне айыппұл салынды,103 адамға ескерту жасалып, 20 іс соттың қарауына жіберілді.Блокбекеттерден кіріп-шығу бойынша ерекше режимді бұзғаны үшін 99 азамат жазаға тартылды. Онвң 84-і қамауға алынды,14-іне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, 1 іс соттың қарауына жіберілді. ТЖ кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға арандатып, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 азамат қамауға алынып, оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Кәсіпкерлік қызмет нысандары бойынша, 130 азамат жауапкершілікке тартылды. Оның 5-еуі қамауға алынып, 110-ына айымпұл тағайындалды,15 іс сотқа жолданды.

Естеріңізге салсақ, 28 наурыздан бері елордада үйден шығуға тиым салынды. Тек азық- түлік алу үшін дүкенге, дәрі алу үшін дәріханаға және ем алу үшін медициналық мекемелерге баруға, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген жағдайда жұмысқа шығуға рұқсат етілген.

Сонымен бірге, кәмелеттік жасқа толмағандарға ересектердің ертуінсіз қалада жүруге шектеу қойылды, сондай-ақ көшелерде отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан артық жиналуға тиым салынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109