5237

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс берушілерге үндеу жасады

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осындай қиын-қыстау кезде аз қамтылған және уақытша жұмыссыз қалған адамдарды қолдау бойынша нақты шаралар қабылдады. Барлық жұмыс берушілерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға және жұмыспен қамту басқармасына (57-87-00, 57-88-88), еңбек инспекциясына (55-67-27, 55-68-85) және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына (1432) босаған жұмыс орындары туралы жедел хабарлауға шақырамыз. Қазір бізге ұйымшылдық танытып, әлеуметтік әлсіз және қиын жағдайға тап болған тұрғындарға қолдау көрсету үшін барлық күшімізді жұмылдыруымыз қажет.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында бірқатар жобаларды жүзеге асырып, 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алушылардың тізімі ұзартылды. Ақшалай көмекті Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған тұрғындар ғана емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да ала алады. Нұр-Сұлтан қаласында көмек көрсету басталды. 14 мыңнан астам өтініш түссе, оның 3,5 мыңға жуығы қаралды. Әлеуметтік қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Процестер барынша жеңілдетілді. Өтінішті "Электрондық үкімет" веб-порталында "электрондық өтініш" сервисі, Еңбек министрлігінің telegrambot egov.kz арқылы электрондық форматта беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, IKomek109 хабарласуға болады. Карантинге байланысты барлық өтініштер ОНЛАЙН режимінде ғана  қабылданады.

Тегін азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды алатын азаматтар санатының тізімі кеңейтілді. ТЖ кезінде әлеуметтік көмекті I,II, III топтағы ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен балалар, ерекше қажеттілігі бар баланы күтумен айналысатын ата-аналар, сондай-ақ АӘК алушылар алады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек ақшалай беріледі. Яғни тізімге енген тұрғындардың шоттарына 4 АЕК – 10 604 теңге аударамыз. (айдың басында 2 АЕК, айдың ортасында тағы 2 АЕК).

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес "Nur Otan" партиясымен бірлесе отырып, "Birgemiz" акциясы аясында аз қамтылған 6 мың отбасыға - азық-түлік пен гигиеналық заттар беріледі. 3600 отбасы азық-түлік себетін алды.

Диспансерлік есепте тұрған егде жастағы адамдарға амбулаториялық дәрі-дәрмектерді, қорғаныс құралдарын, азық-түлікті үйге жеткізіп жатырмыз.

Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін қосымша қолдау шарасы енгізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мен мектеп жасындағы балаларға арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек (МӘК) беріледі. Наурыз айында мемлекеттік әлеуметтік көмекті 2 мың 600 отбасы алды – бұл 4,5 мың бала.

Жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 3 мың 400 отбасыға тағайындалды. Карантин уақытында тікелей байланысты болдырмау мақсатында, егер отбасы құрамы, тұратын мекен-жайы және табыс деңгейі өзгермеген жағдайда, АӘК отбасыға өтінімсіз беріледі.

Меценаттар да үлкен көмек көрсетіп жатыр. Олардың осы әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз.

Құрметті елорда тұрғындары, біз осы кезеңнен бірге өтеміз. #BizBirgemiz", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109