1032

Бизнесмендер Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы шаралары жөнінде: Біздің мойнымыздан ауыр жүк түскендей!

Елордалық кәсіпкерлер Мемлекет басшысы тапсырмасымен жүзеге асатын дағдарысқа қарсы шаралар шағын және орта бизнес субъектілері үшін тиімді қолдау болатындығына сенімді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Кәсіпкер Айнұр Амерхан карантин жарияланып, көптеген кәсіпорындар өз жұмысын уақытша тоқтататындығын білгенде, есеңгіреп қалғандығын айтады.

«Енді не істеймін? Хабарды естіген бойда бірінші кезекте осындай сұрақ туындады. Өйткені қызметкерлеріміздің, орындарымызды жалға беріп отырған азаматтардың алдындағы міндеттерімізден бөлек, салық, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы қорына аударатын төлемдеріміз бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  өз үндеуінде ШОБ субъектілері 1 сәуір мен 1 қазан аралығында салықтан босатылатындығын айтты. Бұл біз үшін жақсы жаңалық болды. Мойнымыздан ауыр жүк түскендей. Мұндай үзіліс бізге өз бизнесімізді сақтап қалу үшін бар күшімізді шоғырландыруға, күш-қуат жинауымызға мүмкіндік береді», – дейді А. Амерхан.

«Platinum» компаниялары тобының бас директоры Азамат Абдрахманов Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асатын дағдарысқа қарсы шаралар шағын және орта бизнес субъектілері үшін тиімді қолдау болады деп есептейді.

«Ел Президенті өз үндеуінде Үкіметке шағын және орта бизнес иелерін өндіріс пен жеткізу қызметіне тартуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, ол министрлер кабинетін әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына мониторинг жүргізудің тиімді тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформаны әзірлеу мақсатында отандық IT-компанияларды тартуға шақырды», – деп атап өтті А. Абдрахманов.

Еске салайық, 31 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар туралы мәлімдеме жасаған болатын. Мәселен, ШОБ субъектілерінің салықтан уақытша босатылатындығы, зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мерзімінен бұрын индексацияланатыны, ең төменгі бір айлық жалақы мөлшеріндегі қосымша әлеуметтік төлемдерді алатын азаматтар қатарының артатындығы, сақтандырылмаған азаматтардың да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке ие бола алатындығы  айтылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109