2225

«Рамада Плаза» кешеніндегі зарарсыздандыру шараларына жүзден астам адам жұмылдырылды

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдықты деген күдікке ілінген пациенттерге арналған каратиндік стационар құрылған «Рамада Плаза» қонақ үй кешенінің аумағында ауқымды зарарсыздандыру шаралары өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 «Бұл жерде адамдар карантинде жатқандықтан, біз зарарсыздандыру жұмыстарына жүзден астам адам мен мамандандырылған техниканың 12 бірлігін жұмылдырдық. Мұндай шараларды жоспарға сәйкес аптасына 2 рет өткіземіз», – дейді дезинфекциялаушы Қуаныш Танкеев.

Оның айтуына қарағанда, нысандарды зарарсыздандыру үшін пайдаланылатын химиялық құралдың қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық нормаларға да сай.

Еске салайық, «Рамада Плаза» қонақ үй кешенінде қазіргі таңда 800 орынға лайықталған карантиндік стационар құрылған. Мұнда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар 14 күндік карантинде жатыр. Алайда бұл пациенттерден алынған анализдер вирустың жоқтығын көрсетті. Олардың жағдайы дәрігелердің жіті бақылауында.

Жалпылай алғанда, қаладағы зарарсыздандыру шараларына күн сайын 450-ге жуық адам қатысады. Бұл жұмыстарға қалалық қызметтерден бөлек, Қазақстанның Қарулы күштері биологиялық қорғаныс бөлімдерінің әскери қызметкерлері жұмылдырылады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, жаяу жүргіншілер арналған жолдар, аулалар, балаларға арналған ойын алаңдары, үйлердің кіреберістері сияқты адамдар көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109