2779

Стационардан шыққан пациенттер елорданың медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді

Нұр-Сұлтанда коронавирустан сауығып шыққан азаматтардың саны 16 - ға жетсе, жалпы Қазақстан бойынша-27 адамға жетіп отыр. Дәрігерлердің бақылауымен стационарда болған пациенттер медициналық қызметкерлерге кәсіби қызметі мен көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты.

"Мен карантинде 14 күн болдым. Бүгін соңғы күнім, барлық медициналық қызметкерлерге, дәрігерлерге алғыс білдіремін. Олар бізге қамқор бола білді. Тамақтары өте дәмді. Ел тұрғындарына айтарым: карантинді елемеуге болмайды. Аса жауапкершілікпен қараңыз! Күш-қуатымыз-бірлікте!"- деді стационарда жатқан пациент.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін стационардан шыққан пациенттер тағы 14 күн бойы үй карантинінде болады.

"Мен шетелден ұшып келдім, мені карантинге жатқызды. COVID-19 сараптамасының нәтижесі теріс болып шықты. Карантинде барлық жағдай жасалды, өте ыңғайлы болды. Дәрігерлер жағдайымды күніге тексеріп, менің  температурам мен дене қысымымды өлшеп жатыр. Күніне бес рет дәмді тамақ береді. Еліміздіюе осындай дәрігерлер мен медбикелер бар екеніне өте қуаныштымын", - деп тағы бір емделуші медицина қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері сыйақы алды. ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті.

Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі:

«Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ), 850 мың теңге).

«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды.

 

«Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ (212,5 мың теңге) құрайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109