1886

Нұр-Сұлтанда қандай дәріханаларда бетперделер мен антисептикалық құралдар сатып алуға болады

Елорданың дәріханаларында медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдарға деген сұраныс айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бетперделер мен антисептикалық құралдар қаланың дәріханаларына уақытында жеткізілгендіктен, сауда орындарында ұзын-сонар кезек байқалмайды.

 «Бетперделер, қолғаптар, антисептикалық құралдар жеткілікті. Біздің дәріхана бұрынғы кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Ұзын-сонар кезек жоқ. Барлық тауарлар бізге уақытында жеткізіледі»,  – дейді елорда дәріханалары қызметкерлерінің бірі Динара Аманбаева.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының айтуына қарағанда, бетперделер мен антисептикалық құралдарды олар еш қиындықсыз үйлерінің жанындағы дәріханалардан сатып алуда.

«Бетперделерді мен үйдің жанынан 70 теңгеге сатып алдым. Тапшылық, ұзын-сонар кезек жоқ. Бетперделер де, антисептикалық құралдар да, қолғаптар да сатылымда», – деді елорда тұрғыны Алтыншаш.

«Мен бетперделерді сатып алу үшін келдім. Барлығы сатылымда. Кезек те жоқ. Жағдай бір қалыпты. Дәріханалардың алып сатарлық ниеті жоқ. Бағалар да көтерілмеген», – деді сауалнама сұрақтарына жауап берген тағы да бір қала тұрғыны Қанат.

Бұдан бұрын бетперделерді мына мекен жайлар бойынша кезексіз сатып алуға болатындығы хабарланды: Тұран даңғылы, 37; Достық көшесі, 18; Сарыарқа даңғылы, 3; Қонаев көшесі, 14/2; Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 3; Қабанбай батыр даңғылы, 21; № 90 дәріхана, Момышұлы даңғылы, 16; Тәуелсіздік даңғылы, 21/4; Шәймерден Қосшығұлұлы, 3/1; Мәңгілік ел даңғылы, 19; Сарайшық көшесі, 5; Қаныш Сәтбаев көшесі, 23/1; Жансүгірұлы көшесі, 8/1; Мәңгілік ел даңғылы, 53; проспект Мангилик Ел, 35; Ұлы Дала даңғылы, 6/1; Бараев көшесі, 21; Сауран көшесі, 3/1; №276 дәріхана, Рысқұлбеков көшесі, 16/3; Кеңесары көшесі, 47; Иманбаева көшесі, 8; Жанайдар Жирентаев көшесі, 2; №280 дәріхана, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 16; Сығанақ көшесі, 15; Иманов көшесі, 50; №62 дәріхана ПТ, Алаш, 23/1; Тұран даңғылы, 55; Тәуелсіздік даңғылы, 32.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109