1666

Нұр-Сұлтанда құқықтық кеңес беретін «Сенім» онлайн қызметі іске қосылды

Қызметтің жаңа түрі тұғындарға құқықтық кеңестерді онлайн режимде алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталмыш жоба қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, «Сенім» бірыңғай қызметінің мақсаты –  тұрғындардың құқықтық мәдениетін кеңейту, олардың қоғамдық ұйымдарға деген сенімін нығайту.

«Алғашқы кезеңдегі жобаның пилоттық нұсқасында құқықтық кеңестер 14 адамға ұсынылған болатын. Хабарласқан азаматтардың барлығы өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүдделі екендігін айтты», – дейді қорғаушы заңгер Әсел Молдағалиева.

Ол консультациялық қызметтің еліміздегі төтенше жағдай режимінде тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал екендігін атап өтті. 

Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордадағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырып жатыр.

Байланыс телефоны: + 7 7172 64 34 78, 8 771 996 09 27, 8 702 172 6139

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109