2669

"Бізге қолайлы жағдай жасалды" - елорданың медицина қызметкерлері өздері тұрып жатқан қонақүй туралы

Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер, медбикелер мен санитарлар қонақүйлерде тегін тұрып жатыр. Олар көлікпен және тамақпен қамтамасыз етілді.

"Бізде карантиндегі пациенттерді қарайтын дәрігерлер тұрып жатыр. Біз оларға номерлік қор ұсынамыз, қызметті әкімдікпен бірге атқарамыз. Осындай қиын уақытта тұрғындарымызды емдеп жатқан дәрігерлерге көмектесу, оларға күтім көрсету біз үшін үлкен қуаныш", – деді "Думан" қонақүйінің әкімшісі Сымбат Бердекенова.

Қонақүйде орналасқан медиктердің айтуынша, барлық қауіпсіздік нормалары сақталған. Ресепшнде, кірерберісте, мейрамханада қолды өңдеуге арналған антисептиктер бар. Қонақүйдің ішінде медициналық маскалар мен қолғаптарсыз жүруге қатаң тыйым салынады.

"Бізді қонақүйге қоныстандырды. Жақсы жерде тұрып жатырмыз, үш мезгіл тамақтанамыз. Медицина саласының қызметкерлері тамақтанған кезде үстелдер бір-бірінен 4-5 метр қашықтықта тұрады. Қонақүй үнемі өңделеді. Бізге бәрі ұнайды", - деді елорда емханаларының бірінде жұмыс жасайтын медбике Раушан Қайрова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109