2602

Елорда тұрғындары «Үй тазалығы – денсаулық кепілі» челленджін бастады

Өздері тұратын үйлердің кіреберістерін бірігіп тазалауға бағытталған челленджге қосылған қалалықтардың қатары күннен-күнге артуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 
Акция арқылы қала тұрғындары тазалықты өз пәтерлерінде ғана емес, үйлердің кіреберістерінде де сақтауға шақырады. Қозғалыстың белсенділерінің айтуынша, мұндай челленджді бастау идеясы кенеттен туындаған. 
«Барлық тұрғындардың әрқайсы өз пәтерінің маңайын тазалауды жөн көрді. Біз есіктерді, жеделсатылардың ішін сүртіп, едендерді жуамыз. Денсаулықтың кепілі тазалық емес пе?!» – дейді елордадағы үйлердің бірінде тұратын Зиаш Аилбекова.   
Еске салайық, карантин кезінде қалада 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында сағат 20:00-ден 06:00-ге дейін коммуналдық қызметтер көшелерді, аулалар мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Елорда тұрғындарына кешкі және түнгі уақытта үйде отыруға және көшеге шықпауға кеңес беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109