2912

Танымал спортшылар елорда тұрғындарымен таңғы жаттығу жасады

Бүгін Нұр-Сұлтанда жаппай таңертеңгілік жаттығу өтті. Ол коронавирустық инфекциямен күресте қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертең Б.Момышұлы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары өздерінің балкондарына шығып спортшылармен бірге жаттығумен айналысты. Жаттығу барысын бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов пен 2017 жылғы бокстан әлем кубогының жеңімпазы Римма Волосенко жүргізді. Тұрғындар спортшылармен бірге таңертеңгілік жаттығуда белсенділік көрсетті.

«Осы қиындықтан өтеміз. Сондықтан үйде отырып сабыр сақтап, балаларыңызбен бірге үйде спортпен айналысыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Біз бірге еңсереміз! Біз біргеміз!», - дейді 2013 жылғы әлем чемпионы боксшы Мерей Ақшалов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109