2086

«Онлайн-Сұхбат» бағдарламасының кезекті қонағы – Аманжол Әлтаев

Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен 2-16 сәуір аралығында күн сайын «Онлайн-Сұхбат» бағдарламасы тікелей эфирге шығады. Бүгінгі бағдарлама қонағы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Аманжол Әлтаев, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елімізге танымал айтыскер ақын Аманжол Әлтаев көп жылдан бері мәдениет және білім саласына үлес қосып келді. Қазіргі таңда ол Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры.

«Онлайн-Сұхбат» бағдарламасы сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет басқармасының ресми парақшасында (NS_madeniet) өтеді. Бағдарлама жүргізушісі – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров.

Жоспар бойынша бағдарламаға 15-тен астам қонақ шақырылады. Олардың қатарында ҚР Еңбек сіңірген артисі Ерік Жолжақсынов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Гүлмира Сарина сынды белгілі тұлғалар бар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109