2551

Нұр-Сұлтанда қашықтан білім беру жүйесінің алғашқы күні басталды

Бүгін, яғни 6 сәуір күні Қазақстан мектептерінде төртінші тоқсан басталды. Алайда елдегі төтенше жағдайға байанысты оқушылар қашықтан оқуға көшуге мәжбүр.

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде студенттер мен оқытушыларды қашықтан оқуға көшіру бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Барлық мұғалімдер мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балалар интернетпен және компьютермен, флэш-карталармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Оқу шаралары интернетті қажет етпейтін тетіктер арқылы да ұйымдастырылады. Атап айтқанда, радио, телеарналар мен пошта арқылы жүзеге асады. Сабақтар «Еларна» және «Балапан» арналарында орыс және қазақ тілдерінде көрсетіледі.

Алайда кейбір мектептер оқушылармен байланысудың басқа да мүмкіндіктерін қарастыра алады.

«Бұл еліміз үшін алғашқы тәжірибе. Біздің мектеп үшін Google қосымшаларын таңдадық. Бұл – мұғалімдермен және студенттермен байланыс орнатуға арналған Google Meet және Google Drive. Онда біз қажетті материалдарды, кестелер мен сілтемелерді жүктейміз. Google Drive-тың артықшылығы –ата-аналар мен оқушылар барлық ақпаратты бір уақытта алады. Ата-аналар баланың қандай тапсырма алатынын қадағалап, оны бақылай алады. Үшінші платформа – Kundelik қосымшасы. Осы қосымшаның көмегімен балалар мұғаліммен кері байланыс жасай алады», - деді Нұр-Сұлтан қаласындағы № 54 мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбай.

Мектептерде қосымшаларды пайдалану үшін мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар әзірленген.

Айта кетейік, қалада 117 жалпы білім беретін мектеп бар, онда барлығы 182 мыңнан аса оқушы оқиды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109