3569

Азық-түлік бағасын көтерген саудагерлерге 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады

Қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектердің бағасына қатысты мәселелер бойынша қалалық прокуратураның мобильді тобымен байланысуға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің реми сайты.

Қазақстанда 1 сәуірден бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасы енгізілді.

Атап айтқанда, бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нанның шекті бөлшек бағасы – 150 теңгені, бірінші сортты бидай ұнының келісі – 197 теңгені, өлшемелі кеспе – 230 теңгені, өлшемелі арпа жармасы (дән) – 339 теңгені, өңделген өлшемелі күріш – 307 теңгені, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі) – 2 113 теңгені, тауық жұмыртқасы (ондық, бірінші санат) – 351 теңгені, күнбағыс майы – 481 теңгені, ас тұзы («Экстрадан» басқа) – 55 теңгені құрайды.

«Бекітілген баға мөлшерін арттырғаны үшін 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салу туралы әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Карантин кезінде туындаған барлық мәселелер бойынша, тауарлар мен дәрі-дәрмектерді алуда алып-сатарлыққа тап болған жағдайда Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының мобильді тобына  8 (7172) 71-24-97, 8-701-999-17-59 номері арқылы хабарласуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109