3173

Нұр-Сұлтанда блок-бекеттерде тәртіп бұзған 128 адам жазаланды

Елордада карантин жарияланғаннан бері блок-бекеттерге кіру және шығу тәртібін бұзғаны үшін 128 адам жазаланды. Оның 99-ы қамауға алынып, 19 азаматқа айыппұл салынды, тағы 10 іс сот қарауына жолданды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің реми сайты.

«30 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі күшейтілді. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті инфекция таралуының алдын алу мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдауда. Патрульдік полиция жасақтары көбейтілді. Азаматтардың және автокөліктердiң қозғалысы қаланың барлық ауданында қатаң бақылауға алынды», дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз өкілдері.

Сондай-ақ қалада тәулік бойы кезекшілік жұмыс істейді. Мобильді топтар жұмылдырылған. Блок-бекеттеріндегі жағдай дрондар арқылы бақыланады.

Қала аумағы көшелер бойынша бірнеше бөлікке бөлінген. Онда тәртіп сақшылары жағдайды қадағалап отырады. Қалада жалпы саны 26 бекет қойылған.

Айта кетсек, 28 наурыздан бастап елорда тұрғындарына азық-түлік алуға, медициналық қызметке жүгінуге немесе дәрі-дәрмек сатып алуға және арнайы рұқсат бойынша жұмысқа баруға рұқсат етіледі. Қалған азаматтардың үйден шығуына шектеу қойылды.

Кәмелет жасқа толмағандар ересектердің қарауынсыз қалада жүруге болмайды. Отбасы мүшелерін қоспағанда, көшеде 3 адамнан артық топталып жүруге тыйым салынған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109