2476

«Гүлдерді отырғызу жұмыстарын бастауға дайынбыз» - коммуналдық қызметтер Нұр-Сұлтан қаласында 6 млн. гүлдерді отырғызады

Биыл "Астана-Зеленстрой" ЖШС 6 млн.гүлзар отырғызуды жоспарлап отыр. Коммуналдық қызмет жұмысшылары алаңдарды, саябақтарды, тынымбақтар мен қала көшелерін безендіріп, аумақтарды абаттандырмақшы. Қызметкерлердің айтуынша, олар отырғызу уақытын асыға күтуде:  «гүлдер түрлі-түсті, жарқын, бәрімізге ұнайды, біз отырғызған әр ағашқа, бұтаға қамқорлық жасаймыз».

-  Осы кәсіпорында жасап жатқаныма 10 жылдан асты. Өздеріңіз білетіндей, гүлдер біздің қаланы көркейтіп қана қоймай, тұрғындарымызға оң әсер етеді. Көңіл-күйді көтеретіні анық. Әсіресе, біздің балаларымызға қатты ұнайды. Бір сөзбен айтқанда, гүлдер біздің қаламызды қайта түлетеді. Біздің елордамыз жылдан жылға көркейіп келеді,- Жайнагүл Дәулетқызы.

Кәсіпорын директоры атап өткендей, коммуналдық қызметтің жұмысшылары елорда тұрғындарын қуантып, жайлылық жасауға дайын. Елорда бір жылдық және көпжылдық  гүлдермен безендіріледі.

- Біздің елордамызды көгалдандыру бағдарламасы аясында "Астана-Зеленстрой" кәсіпорны ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлзарлар орнату бойынша заманауи технологияларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Биыл 6 млн гүлзар отырғызуды жоспарлап отырмыз.  Қалада бірқатар гүл композициялары жасалып, гүлдеріміз елорданың барлық аудандарын безендіріледі. Оған қоса, ағаштарды отырғызу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде - деп атап өтті кәсіпорын директоры Руслан Оралов.

Сондай-ақ, басшының айтуынша, барлық гүлзарлар отандық агроном-ғалымдардың қатысуымен өсіріледі. Жасыл желектердің барлық тұқымдары зертханалық зерттеулерден өтеді. Бүгінгі таңда "Астана-Зеленстрой" кәсіпорында 600-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр.  Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарды ашу жоспарлануда. Осы кәсіпорында жұмыс істегісі келетіндер

87019099444, 87015134783, 87027486700, 87019336467, 87011208002 телефоны арқылы хабарласа алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109