2938

Елордада мәдени шаралар онлайн-режимде өтеді

Карантин кезінде қазақстандықтар концерт, сұхбат, спектакль және шеберлік сыныптарын үйден шықпай-ақ тамашалай алады. Сондай-ақ челлендждер мен флешмобтарға қатысуға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы Instagram желісінде онлайн концерттер өткізеді. «NS-music» жобасы аясында Рүстем Жүгінісов, Дос, Argonya, Майра Ілиясованың концерттері өтті.

Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, «Карантиндегі жұлдыздар» жобасын бастады. Жоба аясында «Астана Операның» жетекші солисті Майра Мұхамедқызының концерті өтті. Ал 9 сәуір күні сағат 21.00-де Mezzo тобы көрермендерін қуантады. Көрсетілімдерді «Қазақтелеком» ютуб-арнасында, @mcs_govrk және @bizbirgemiz Instagram парақшаларында, сондай-ақ onlinedabol фейсбук парақшасында тамашалауға болады.

Сондай-ақ, Tengrinews.kz ақпараттық порталы «Квартирник» жобасын іске қосты. Порталдың youtube арнасында 8 сәуір күні сағат 20.00-де Алиса Вокс, 10 сәуір күні сағат 20.00-де Евгений Феклистов, ал 11 сәуір күні сағат 18.00-де Ayree өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, карантин кезінде «Астана Опера» және «Астана Балет» солисттерінің өнерін тамашалауға болады. Спектакльдер TengrinewsTV арқылы көрсетіледі. Күнделікті шығармашылық кештер @teatrkukolnursultan және @nomad_teatry Instagram парақшаларында өтеді.

Күн сайын сағат 19.00-де @ns_madeniet және @askhatmaemirov Instagram парақшаларында «Онлайн-сұхбат» жобасы аясында астананың зиялы қауым өкілдері тікелей эфирге шығады. Көрермендер өз сауалдарын жолдап, жауап ала алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109