3097

Мәслихат депутаты коронавируспен күрескен дәрігерлер туралы: «Батырлар біздің ортамызда!»

Карантин кезінде қазақстандық дәрігерлер өз өмірлерін тәуекелге тіге жүріп міндетін орындап, тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты депутаты, қоғам қайраткері Қарақат Әбден өзінің фейсбуктегі парақшасында дәрігер-әріптестерінің еңбегі жайлы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мен денсаулығымызды сақтап, адамдарға үміт сыйлап, вирусты жеңу миссиясы жүктелген барлық дәрігерге шын жүректен тәнтімін. Дәрігерлер ауру тасымалдаушылармен тікелей байланыста болып, қауіпті, қатерлі алаңда жүр», – деп жазады Қ.Әбден.

Оның айтуынша, бірде-бір дәрігер вирусты жұқтыру қаупіне қарамастан, өз қызметін тастамай, кәсіби міндетін табандылықпен атқарып келеді.

«Барлық қазақстандықтарға дәрігерлік және азаматтық жауапкершілікті қоса атқарып жүрген елорда мәслихатының дәрігер-депутаттары туралы айтқым келеді. Өйткені, мәслихат депутатының жұмысы ақы төленбейтін, қоғамдық жұмыс саналады», – дейді Қ. Әбден.

Нұр-Сұлтан қалалық «Онкология орталығының» бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев өз әріптестерімен бірге коронавирусқа күдікті адамдарды карантинге алғаш болып қабылдай бастаған. Тәжірибелі хирург Мұхтар Есенжанұлы бүгінде онкологиялық ауруханада өз қызметін атқаруда.

Алтыншаш Табулдина – №5 емхананың бас дәрігері. Мамандығы – педиатр. Алтыншаш Жұмашқызы төтенше жағдай кезінде еліміздегі жүздеген әріптестері секілді демалыс пен жеке өмір дегеннің не екенін ұмытқан. Қазіргі таңда емхана дәрігерлері ең үлкен қауіп аймағында. Олар карантинге, өз денсаулығына төнген қауіпке қарамастан, күн сайын жүздеген адамды қабылдайды.

Депутат Қарақат Әбден өз жазбасында медицина ғылымдарының докторы, профессор Мәжит Шайдаровты да атап өтті. Басшы-стратег, дәрігер-инфекционист ретінде Мәжит Зейнуллаұлының мол тәжірибесі коронавируспен күресте пайдалы болды. Ол өз білгенін әріптестерімен бөлісіп, күні-түні қала ауруханаларында болып, медициналық мекемелердің жұмысын ұйымдастыруға көмектесуде.

«Біз көбіне өзімізге бейтаныс адамдардың әрекетіне таңданамыз. Басқа елдерден батырларды іздеп табамыз. Егер жан-жағымызға қарасақ, нағыз батырлар біздің арамыздағы дәрігерлер, медбикелер мен басқа да медицина қызметкерлері екенін көреміз. Осы қиын уақытта олардың бізге айтқан кеңесін тыңдап, қорқынышты дертке қарсы күрестегі зор үлесін бағалап және еңбегі

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109