1174

Жандарбек Мәлібеков: Темірдей тәртіп, сақтық шараларының арқасында ғана бұл кедергіні еңсереміз

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласына пікір білдірді.

«Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының үндеуін оқып шықтым. Зиялы қауымның, халықтың көңілінен шығатын дүниелер жазылған. Қазіргі таңда бүкіл әлем жұрты коронавирус індетімен күресуде. Қазақстанның да осы бағыттағы жұмысы қарқынды. Бұл ретте, ортақ қиындықты жеңуге баршамыз болып атсалысуымыз қажет», дейді елтаңба авторы.

Жандарбек Мәлібеков барша қазақстандықтарды осындай қиын сәтте ауызбіршілік танытуға шақырады.

«Әлемді аузына қаратқан алып мемлекеттердің де дертті ауыздықтай алмай отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан темірдей тәртіп, тазалық, сақтық шараларының арқасында ғана бұл кедергіні еңсереміз деп санаймын», дейді ол.

Айта кетсек, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты үндеуі жарияланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109