10090

Нұр-Сұлтан қалалық кәсіподақтары жұмыс берушілерді еңбек құқығын мүлтіксіз сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан қалалық Кәсіподақ орталығы жұмыс берушілерге төтенше жағдай мен карантин кезінде қауіп-қатерге қарсы күш біріктіру мақсатында үндеу жолдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Жұмысшылардың жаппай босатылуына, жалақы бойынша берешек пен әлеуметтік аударымдардың төленбеуіне, жалақының төмендеуіне, еңбек жағдайының негізсіз нашарлауына жол бермеу қажет. Қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыс орындары мен кеңселерде қауіпсіз жағдайлар жасау, жұмыс режимін қазіргі заманғы байланыс құралдарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеу жолымен қалыптасқан жағдайға бейімдеуіміз керек», - деді Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев.
Сондай-ақ, ол вирустың уақтылы анықталуы және оның таралуын болдырмауда ауызбіршілік танытып, медициналық қызметтердің жұмысына көмектесуге шақырды.
«Қазір біздің еліміз әлемнің көптеген мемлекеттері сияқты күрделі кезеңді бастан өткеруде. Нұр-Сұлтан қалалық Кәсіподақ орталығы кәсіподақтың 125 мыңға жуық мүшесін біріктіре отырып, «шұғыл байланыс» желісін орнатты. Оған кәсіподақ мүшелері ғана емес, жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар да жүгіне алады. Бүгінгі күні 580-ден астам өтініш түсті», – деді Т.Есентаев.
Оның айтуынша, «шұғыл байланыс» желісіне негізінен жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, карантин кезінде еңбекақы төлеу, мұқтаж адамдарға көмек көрсету, әлеуметтік сақтандыру туралы сауалдар жолданған.
«Елорданың кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын өткізіп, туындаған мәселелер бойынша ұсыныстар беруде», – деді кәсіподақ басшысы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109