1746

Нұр-Сұлтанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының үш жылдығына арналған онлайн семинар өтеді

«Рухани жаңғыру» қалалық жобалау кеңсесі Елбасының бағдарламасын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жасауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, сағат 15:00-де «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бағдарламаның үш жылдығына арналған кезекті онлайн семинар өткізеді. Шараға арнайы спикер ретінде коуч психолог, көпбалалы ана Құралай Ошақбаева шақырылған. Семинарға қатысушылар үшін «Армандар орындалады» тақырыбында дәріс ұйымдастырылады.

Дәрістің мақсаты – өскелең ұрпаққа бағдарлама мәнін түсіндіріп, табысты және гүлденген қоғамды құруда рухани құндылықтардың маңызын талдау.

Карантин жарияланған сәттен бастап қала аумағында мектеп психологтары мен қала тұрғындары үшін алты онлайн семинар ұйымдастырылған. Семинарлар Skype бағдарламасы бойынша апта сайын бейсенбі және жұма күндері (қазақ және орыс тілдерінде) өткізіледі.

Бір ай ішінде семинарларға 100-ге жуық мектеп психологтары қатысқан.

Айта кетсек,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы жарияланғанына үш жыл толғаны белгілі. Елімізде идеологиялық құжат ретінде танылған мақала 2017 жылдың 12 сәуірінде жарияланды. Барлық өңірде бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында жобалық кеңселер құрылған. Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, білім культі және сананың ашықтығы XXI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары ретінде танылған.

Қазіргі уақытта бағдарламаның алты бағыты бойынша 13 арнайы жоба іске асуда. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі бағдарламаны кеңінен насихаттау және жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс жасауда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109