13367

Дәрігерлер, полицейлер, коммуналдық сала және мемлекеттік қызметкерлер «МЕТRO» тауарларын 15%-дық жеңілдікпен сатып ала алады

Қызметті пайдалану үшін, қызметкер клиенттік карта рәсімдеуі керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС компаниясы карантин кезінде барлық медицина, коммуналдық сала, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін арнайы науқан жариялады. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы компания орталықтарынан тауарларды 15% жеңілдікпен сатып ала алады.

«Бүгінде аталған мекемелер қызметкерлері қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін жұмыстарын жалғастыруда. Олар біздің денсаулығымызды сақтап, өмірімізге қауіп төнбес үшін күн сайын өздерін қауіп-қатерге тігуде. Айтылған фактілерді есепке ала отырып, біз бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларына қолымыздан келетін көмек көрсетуді жөн көрдік. Біздің науқанымыз осы батыл адамдарға пайдасын тигізеді деп үміттенемін», – деді «МЕТРО Кэш энд Керри»  ЖШС коммерциялық директоры Наталья Мархиева.

Компания мәлімдегендей, жеңілдікті пайдалану үшін ұйым қызметкері сауда орталығына кіре берістегі ақпарат үстелшесіне барып, METRO клиент картасын жасатуы керек. Карта тегін шығарылады және мерзімі шектеусіз, қолданушыға 4%-ға дейін кэшбек алуға және әртүрлі науқандарға қатысуға мүмкіндік береді.

Картаны жасау барысында немесе карта бар болған жағдайда қызметкер өзі жұмыс істейтін мекеменің атын атауы және бейдж немесе кез келген растайтын құжатты ұсынуы тиіс. METRO қызметкері қызметкердің мәліметтерін базаға енгізеді. Содан кейін кассада 15% жеңілдік іске қосылады. Жеңілдік науқанды ұсыныстарды, темекі және арзан алкоголь өнімдерін қоспағанда барлық тауарлар ассортиментіне жарамды. 1 тұтынушыға науқанның толық кезеңі үшін сатып алу сомасына қойылатын шектеу – 100 000 теңге.

Науқан 3 кезеңде жүргізіледі.

1 кезең: 10-14 сәуір, 2020 ж.

2 кезең: 17-21 сәуір, 2020 ж.

3 кезең: 24-28 сәуір, 2020 ж.

Барлық клиенттерге 3 данадан бастап және одан да көп тауарларды неғұрлым тиімді бағада  көтерме түрде сатып алу мүмкіндігі беріледі. Бұл бүгінде көптеген қазақстандықтар үшін өте маңызды. Сондай-ақ, METRO-да тауарды сатып алу аса тиімді. Атап айтқанда, олар нарықтағы аналогтардан 30%-ға дейін арзан.

Сауда орталықтарының мекен-жайы мен байланыс ақпаратты https://www.metro.com.kz/stores сілтемесінде қолжетімді.

Байланыс және анықтама үшін: +7 717 279 63 90 (1000); +7 777 009 08 65; Е-mail: customer.entrance10@metro.com.kz

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109