2696

50 мыңнан астам қазақстандық елордалық спортшының онлайн-жаттығуына қатысуда

Street workout үшін арнайы зал мен жабдықтар қажет емес. Айтым Жақыпов ол үшін ынта мен жігер ғана керегін өз ісімен дәлелдей білді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстанның ең мықты жігіті» деп танылған Айтым Жақыпов үй жағдайында бұлшықеттерді шынықтыру туралы онлай-нұсқау беруде. Елордада карантин режимі жарияланған сәттен бастап оның күнделікті жаттығуларына 50 мыңнан астам отандасымыз қосылуда.

«Еліміздің түкпір-түкпірінен адамдар: «Айтым, жаттығу үшін рахмет» деп жазады. Жаттығу аяқталған бойда, ертең қандай жаттығу болатынын сұрайды. Жастардың көбі оң пікірде. Кері байланыс бұл ісімнің елге титтей болсын пайдасы барының дәлелі. Сондықтан мен үшін өте маңызды», – дейді street workout бойынша Қазақстанның бас жаттықтырушысы Айтым Жақыпов.

Оның айтуынша, салауатты өмір салтын сақтап, үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ғана кәсіби спортшы бола алады.

«Спортпен айналысу, өз денсаулығын нығайту карантин жағдайында өте маңызды. Тағы бір үлкен артықшылық – біз өз туыстарымызбен көп уақыт өткізе бастадық. Бұл отбасын нығайтады», – дейді спортшы.

Айтым Жақыповпен сабақ жексенбіден басқа күндері 20:00-де спортшының Instagram парақшасында өтеді.

Бұрын хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласында карантин кезінде елорда тұрғындары үшін түрлі спорттық және танымдық онлайн-сабақтар өтуде. Сонымен қатар, аспаздық курстар, психология бойынша тренингтер және т.б. жүргізілуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109