2653

Елорда аумағын масалардан зарарсыздандыру жоспары 20%-ға ұлғайды

Нұр-Сұлтан қаласында маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекциялау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыстар таңертең және түнгі уақытта жүргізілуде. Бірінші кезеңде жертөлелер, су қоймалары қамтылатын болады. Ағымдағы жылы масалардан зарарсыздандыру жоспары қала аумағында 20%-ға, су қоймаларында 25%-ға ұлғайды.

«Су қоймалары мен қорғаныс бөгеттерін дер кезінде өңдеп, масаларды дернәсіл кезеңінде жою маңызды. Бұл шара масалардың қаланың кварталішілік аумақтарында көбеюі болдырмауға мүмкіндік береді. Масалардың көбеюі үшін қолайлы жағдайдың туындауына байланысты, 15 сәуірден бастап қаланың су айдындарында және қорғау кедергілерінде жәндіктерге қарсы кең ауқымды дезинсекция жұмыстары басталды», – деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Бірінші кезең аяқталғаннан кейін дезинсекция жұмыстары қаланың кварталішілік аумақтарында, саябақтарда, скверлерде, көшелерде жүргізілетін болады.
Масалармен тиімді күресуде жертөлелер, мектеп, балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлерін өңдеу маңызды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109