1011

Астанада су желілеріндегі жаңа жүйе апаттылық пен су шығынын азайтты

2012 жылы инвестициялық бағдарлама аясында «Астана су арнасы» МКК авариялық-диспетчерлік қызметінде диспетчерлік басқару орталығын автоматтандыруға арналған кешенді геоақпараттық жүйе енгізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елорда әкімі аппаратының өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады.

2012 жылы инвестициялық бағдарлама аясында «Астана су арнасы» МКК авариялық-диспетчерлік қызметінде диспетчерлік басқару орталығын автоматтандыруға арналған кешенді геоақпараттық жүйе енгізілді. Бұл туралы astana.kz сайтына елорда әкімі аппаратының өмірді қамту және инфрақұрылымды дамыту бөлімінен хабарлады. 

Қазіргі уақытта аталған жүйе су желілеріндегі өзгерістерді бақылауға, электр қуаты шығынын айтарлықтай азайтып, желілердің тез тозуын болдырмауға жол ашты.  

«Жүйеге қаланың екі басты орнында орнатылған 12 қысым таратқыш, 220 нысандағы есепке алуды бақылаудың автоматтық жүйесі, сонымен қатар, 55 канализациялық сорап станциясындағы автоматты басқару жүйесі, 43 су құбыры сорап станциясы біріктірілді», - делінген хабарламада. 

Өткен жылы желілердегі қысымды реттеу мақсатында технологиялық процесті автоматты басқару және сорап сүзгіш станцияда технологиялық ақпаратты тарату жүйелері енгізілді. Осының барлығы бүгінде мәліметтерді «онлайн» режимде диспетчерлік қызметтің пультына жолдауға мүмкіндік беріп отыр. 

Бұдан басқа, 2012 жылы сорап сүзгіш станцияда №4 жеке агрегатты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде су құбыры желісінде гидросоққылар жойылып, апаттар саны да айтарлыықтай төмендеді. 

«Астана су арнасы» МКК басшылығының хабарлауынша, 2012 жылы желілердегі апаттылық 2011 жылмен салыстырғанда 30% кеміген, ал 2013 жылы бұл көрсеткіш тағы да 18% төмендеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өндірістік-технологиялық процес барысында 2010-2013 жылдары су шығыны 21,02 пайыздан 19% дейін азайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109