1740

Елордалық қуыршақ театрының онлайн қойылымы мен шеберлік сабақтарын 19 мыңнан астам көрермен тамашалады

Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры 19 наурыздан бастап қашықтан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық қуыршақ театрының әртістері көпшілік қойылымдарды онлайн түрде өткізіп жатыр. Театр қызметкерлерінің жұмыс уақыты күндізгі сағат 14:00-де басталып, кешкі сағат 22:00-де аяқталады.

«Біз сағат екіден бастап сахналық қойылымдарды бейнетаспаға түсіріп, оны Instagram, Facebook желілеріне жүктейміз. 14:30-да актерлік шеберлікке арналған видео сабақ, 15:00-де тікелей эфир ұйымдастырылады. Тікелей эфирге тек біздің әртістер ғана емес, өзге де театрлардағы әріптестеріміз, суретшілер, белгілі балалар психологтары шығады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы қуыршақ театрының ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі Мейірім Арғымбаева.

Оның айтуынша, YouTube арнасы арқылы қазақ, орыс тілдерінде бес қойылым тамашалауға болады.

21 наурыз бен 18 сәуір аралығында актерлік шеберлік пен сахналық қозғалыс бойынша 21 мастер-класс өткен. 15 аудио ертегі жазылып, суретші, психолог, әртістердің қатысуымен 20 тікелей эфир ұйымдастырылған. Белгілі болғандай, қашықтағы жұмыс кезінде қойылымдар мен эфирлерді 19 350 адам тамашалаған.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қалалық қуыршақ театры 2010 жылы ашылды. Театр ұжымы алғашқы күндерден бастап жас көрермендерді қызықты қойылымдарымен қуантып келеді.

Оның репертуарында жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеп, тіл мен мәдениетті, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуге бағытталған 28 қойылым бар.

Театр құрылғаннан бері көрермен назарына 28 премьера ұсынылған.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109