4572

Нұр-Сұлтанда бір тәулік ішінде санитарлық нормаларды бұзған 15 нысан жабылды

Нұр-Сұлтанда полицейция қызметкерлері эпидемиологтармен, әкімдіктің қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жатыр.

Қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпей, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысанның қызметі тоқтатылды. Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақ үй бар.

Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (бұл тамақ тасымалдайтын орындарға қатысты емес).
Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді.

«Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті. Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер шығып жатыр. Таңертең сағат 9-ға дейін және кешкі сағат 18-ден кейін қызметкерлер тепловизорда ЖРВИ белгілерінің бар-жоғына тексеріледі. Штатқа жұмысшыларды тексеріп тұратын медицина саласының қызметкерлері қабылданды.
Кіреберісте контролёр әрбір клиентті тепловизорда тексеріп тұрады», – деді «Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова.

Гипермаркетке кіре берісте арнайы белгі жасалды. Санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасындағы ара қашықтық – екі метр.

«Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді. Кассада 2-3 клиенттен артық болмауын қадағалаймыз. Дәліз толығымен дезинфекцияланады. Залда санитайзерлер орнатылды. Клиенттерге маскамен кіруге ғана рұқсат. Сағат сайын дезинфекция жұмыстары өткізіліп тұрады», – деді О. Сухорукова.

Санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елордада нысандарының қызметі тоқтатылады. Елордада коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109