2774

Нұр-Сұлтанда айыппұл тұрағына 1 мыңнан астам машина жіберілді

Карантин режимін бұзғаны үшін қалада 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қосымша 4 айыппұл тұрағы ашылды. Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдай дрон арқылы қадағаланып жатыр.

Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 2 700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 200-ге жуық адам қамауға алынды, 1800-ден астам адамға айыппұл салынды.

"Карантин режимі сәуір айының соңына дейін ұзартылды. Тәртіпбұзушылық  қатаң жауапкершілікке тартылады. Қалада себепсіз қатынаған тұрғындардың көлігін айыппұл тұрағына, ал істі сотқа жібереміз! Полиция қызметкерлері аулаларды да тексеріп жатыр. Адамдарға көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Коронавирусты жұқтыру қаупі әлі де бар. Өз уақытыңыз бен біздің уақытымызды зая кетірмеңіз. Барлық шаралар сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды", - деп атап өтті қалалық полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, тұрғындарға жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне/дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және қызметі рұқсат етілген жағдайда жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109