1476

Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланды

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке бағаны негізсіз көтергені үшін "Interfood", "ВкусМарт", "Встреча" супермаркеттерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл көлемі 100 АЕК (265 мың 100 теңге) құрайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және санитарлық нормаларды сақтау бойынша әкімдіктің мобильдік топтары, прокуратура мен монополияға қарсы органдардың қызметкерлері бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, қаладағы карантин және төтенше жағдай режимі кезінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдады. Елордада тұрақтандыру қоры құрылды, "айналмалы механизм" аясында тауар жеткізуші операторларға жеңілдетілген несиелер берілді. Олардың тауарлары  «Магнум», «Астықжан», «Кенмарт», «Small” супермаркеттері мен  «Шапағат», «Евразия», «Артем»  және «Биг Шанхай» базарларында сатылады.


Елде мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленді: бірінші сортты бидай ұны, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), рожки (өлшеніп салынатын), қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), тауық жұмыртқасы (I санатты), күнбағыс майы, ас тұзы («экстра»-дан басқа).

Супермаркеттерде, дүкендерде арнайы белгілер орнатылды, сатып алушылар арасындағы арақашықтық 1 метр болуы қажет. Міндетті түрде кезек сақталуы керек. Санитайзерлер орнатылды.
Барлық азық - түлік нысандары санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті. Тәртіпбұзушылық фактілері анықталған жағдайда айыппұл салынып, нысан жұмысын тоқтатады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109