Танымал әнші Ерлан Көкеев #Біз біргеміз акциясы аясында онлайн-концерт өткізді
Сәрсенбі күні танымал әнші Ерлан Көкеев қазақстандықтарға музыкалық кеш тарту етті. Ол К-7 тобының сүйемелдеуімен өзінің сүйікті әндерін орындады. Концерт #Біз біргеміз акциясы аясында онлайн-режимде өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Бұл Ерлан Көкеевтің мұндай форматта алғаш өнер көрсетуі емес. Халық оның әлеуметтік желідегі тікелей трансляцияларын көруге әрдайым қуанышты. Бірақ әнші өз тыңдаушыларын сағынғанын айтады.
«Біз музыка, ән арқылы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Бізде бәрі жақсы болады! Бірақ қазір барлығымыз тәртіпті болуымыз керек. Қарапайым нәрсені түсіну керек: біз өзімізді және жақындарымызды үйден шықпай-ақ қорғай аламыз», – деді Е.Көкеев.
Елорданың мемлекеттік академиялық филармониясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі ұйымдастырған қазақстандық эстрада жұлдыздарының онлайн-концерттері 3 сәуірден бастап өтуде.
Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры Ерлан Дакеновтың айтуынша, карантин басталғаннан бері бұл 15-ші онлайн-концерт.
«Виртуалды сахнада классикалық музыка, опера орындайтын белгілі әртістер, сондай-ақ эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Репертуарымыз ауқымды. Біз осы көктем күндері барлығы далаға шығып, серуендегісі келетінін түсінеміз. Бірақ осы кезеңді үйде өткізуге шақырамыз», – деп атап өтті Е.Дакенов.
Музыканы сүйетіндер концерттерді филармонияның ютуб-арнасында, «Фейсбук» немесе «Инстаграмда» парақшалардан көре алады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz