1549

Отбасылық ескі фотосуреттерді жандандыруға арналған жаңа челлендж басталды

Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған ерекше байқаудың басты жүлдесі – отбасылық кәсіби фотосессия, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа челлендж басталды. Оған ересектер мен балалар қатысады. Қатысушылар біраз жыл бұрын түсірілген фотосуретті қайталап, видеоға айналдыруы керек. Яғни, олар мұрағаттан бір фотосурет тауып, дәл сондай локацияда қайта түсіруі қажет.

«Қазір көп адам карантин кезінде көпшілікті біріктіруге арналған түрлі челлендж, флешмобтар ұйымдастыруда. Біз отбасы татулығын арттырып, олардың қарым-қатынасын нығайта түсуді мақсат еттік. Қазір көп елде карантин салдарынан отбасылық жанжалдар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтар жиілеп кетті. Біз отбасы құндылықтарының қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келеді. Бұл критерийлер жеңімпазды анықиау кезінде маңызды болады», – дейді челлендж ұйымдастырушысы Данияр Есен.

Байқауға инстаграм желісіндегі @daniyar_yesen парақшасында көрсетілген #мывместе #вместессемьей #жануя хэштегтері арқылы қатысуға болады.

Қатысушылар видеоны өңдеп, өз парақшасында жариялауы керек (жарыс кезінде парақша белсенді әрі ашық болуы қажет).

Байқау қорытындысы 15 мамыр күні жарияланады. Басты сыйлық – отбасылық кәсіби фотосессия.

Елордалық белсенді тұрғындар төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты қала тұрғындары арасында тамақ дайындау, қолөнер, психология, спорт және білім беру салалары бойынша көптеген онлайн-курстар ұйымдастырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109