2165

Абай әні орыс домрасы мен қырғыз қомызының сүйемелдеуінде орындалды

Елордалық еврей, қырғыз, неміс және славян этномәдени орталықтары да челленджге қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту, сондай-ақ, этносаралық татулықты нығайту мақсатында ҚХА қалалық хатшылығы  ұйымдастырған  челленджді бірден төрт этномәдени орталық қолдады. Аталмыш шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, өзбек этномәдени орталығының өкілдері алғаш болып челленджге қолдау білдірді. Олар Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін  қазақ тілінде өзбек ұлттық музыкалық аспабы рубобтың сүйемелдеуімен орындады.

Кейін еврей, қырғыз, неміс және славян этномәдени орталықтары да челленджді қолдап, Абайдың белгілі әнін славян прима домрасының, қырғыз қомызының сүйемелдеуімен орындалды.

Домра – орыс, украин және белорус халықтарының ішекті музыкалық аспабы. Аспапты  XVI-XVII ғасырларда Ресейлік өнерпаздар кеңінен қолданып, 1896 жылдан бастап қазіргі заманғы домраның көрінісін алды.

Қомыз – қырғыз халқының шерпелі музыкалық аспабы. Домбыраға ұқсас, жіңішке мойны бар. Бұл аспаптың алғашқы сипаттамаларын Сыма Цзянның (б.з.д. 201) жазбаларында кездестіруге болады.

Жыл сайын елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай түрлі концерттер, ауқымды акциялар мен мерекелік шаралар өтеді. Алайда биыл Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы салдарынан карантин жарияланғандықтан, мерекелік шаралардың форматын өзгерту туралы шешім қабылданды.

 Іс-шараларды онлайн режимде өткізуге ерекше назар аударылып отыр.

Бүгінде елордада 130-дан астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Қалада 23 этномәдени бірлестік, 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді және олардың саны жыл сайын артуда.

ҚХА қалалық хатшылығы елорда тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, әр халықтың музыкалық аспаптарын біліп, тарихымен танысуға және Абайдың әнін бірлесе орындауға шақырады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған шаралар өтуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109