1693

ТЖ жарияланғаннан бері 154 қала тұрғыны тұрақты жұмысқа орналастырылды

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін карантин кезеңінде елордалық жұмыспен қамту орталығының барлық мемлекеттік қызметтері eGov.kz порталы, call-орталық, электронды пошта және ұялы байланыс құралдары арқылы онлайн режимде көрсетіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда билігі қала тұрғындарын жұмысқа орнатастыру бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Жұмыс іздеп жүрген азаматтар онлайн-кеңес ала алады. Сall-орталық нөмірлері орталықтың www.cz.astana.kz ресми сайтында қол жетімді. Сондай-ақ, «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар «жастар тәжірибесі», «әлеуметтік жұмыс орны», «қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларына қатысуды ұсынады.

Сонымен қатар, жұмыс берушілермен «Электронды еңбек биржасы» интернет-порталында, жеке кабинет арқылы бос жұмыс орындарын жинау және бос жұмыс орындарын толтыру бойынша белсенді жұмыс жүруде. ЭЕБ «Жұмыс» www.enbek.kz порталы үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде жұмыс іздеуге мүмкіндік береді. Ол үшін тіркеліп, өзіңіздің жеке кабинетіңізді құрып, түйіндемеңізді орналастыруыңыз керек.

ТЖ енгізілген сәттен бастап 335 азаматқа жұмысқа орналастыру бойынша шаралар көрсетілді. Оның ішінде 154 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жастар тәжірибесінен өтуге 29 адам жіберілді (жыл басынан бері 194), 143 адам «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасына қатысты (жыл басынан бері 995), «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 9 адам жұмысқа орналастырылды (жыл басынан бері 61 адам). 2020 жылдың басынан жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бөлу жөніндегі Комиссиямен 59 грант мақұлданып, оның 47-сі берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109