1286

Нұр-Сұлтанда 1 мамыр онлайн режимде атап өтіледі

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мәдени бағдарлама белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанда COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген карантин режиміне орай көпшілік шаралар тоқтатылды. Көктемгі мерекелер онлайн режимде және отбасы шеңберінде атап өтіледі. Соған қарамастан бағдарламалар қызыққа толы, ерекше болады деп күтілуде.

В Нур-Султане накануне Дня единства народа Казахстана были запущены челленджи по исполнению песни Абая «Көзімнің қарасы» на различных национальных инструментах, а также по приготовлению национальных блюд.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында әлеуметтік желілерде  Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін ұлттық музыкалық инструментте орындау және әр этностың ұлттық тағамын әзірлеу бойынша акция басталды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыка театры «Поэзия» сағатын ұсынады. Онда әртістер көрнекті ақындардың ел бірлігіне арнаған өлеңдерін оқиды – @kazteatr (Фейсбук)

Қуыршақ театры Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тікелей эфирде сағат 15:00-де «Біз – бір елміз!» атты онлайн концертін, сағат 21:00-де «Халықаралық қуыршақ театрларының Қуыршақтары мерекемен құттықтайды» атты видео концертін ұсынады. Эфирді «Инстаграмда» – @teatrkukolnursultan, сондай-ақ Teatr Kukol Nur-Sultan YouTube арнасынан көруге болады.

Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі желідегі парақшаларында концерт береді: «Инстаграмда» – astana_filarmoniya, «Фейсбукте» – astana.filarmoniya, сондай-ақ YouTube-та – «Нұр-сұлтан филармониясы» арнасында.

Астана циркінің труппасы, эквилибристтер, әуе гимнасттары, жонглерлер 12:00-де «Инстаграмда» – astanalyqtsirk, «Фейсбукте» – @circusastana және «Астаналық цирк» YouTube арнасында көрсетілім жасайды.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сағат 17:00-де «Крылатая исповедь воольных сердец» музыкалық-поэтикалық композициясын ұсынады.

«Жастар» театры сағат 21:00-де «Инстаграмда» – @zhastar_teatry, «Фейсбукте» – Zhastar Theatry онлайн-концерт береді.

Nomad театры Insta_teatr жобасы аясында Shakenzo Show атты төрт сағаттық бағдарламасын ұсынады. Эфир 11:00-13:00 және 18:00-20: 00 аралығында «Инстаграмда» – @nomad_teatry парақшасында өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109