2569

Елордалық филармония әртістері Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс дауысы» челленджін бастады

Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығы қарсаңында елордада «Жеңіс дауысы» атты жаңа музыкалық челлендж басталды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы солистері әйгілі «День Победы» әнін орындады.

Челленджді алғаш болып еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Естай Мұқашев бастады. Әнші қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтап, соғыс оның да отбасын айналып өтпегенін атап өтті. Майданда атасы мен әкесінің екі інісі қаза тапқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде ол белгілі әнді шырқап, челленджді әріптестеріне жолдады.

Эстафетаны Нұр-Сұлтан мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов жалғастырып, әріптестерін қолдауға шақырды.

Аталған музыкалық челленджге ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. Ол үшін өз жұмысыңызды әлеуметтік желілерде #9мая#9мамыр#голоспобеды#жеңіскүні хэштегі арқылы жариялауыңыз қажет.

Айта кетсек, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 1 миллион 200 мың қазақстандық майданға аттанды. Олардың жартысы елге оралмады. Соғысқа қатысқан 700 мыңнан астам қазақстандық еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдеріне шақырылды. Қазіргі уақытта елордада 44 соғыс ардагері тұрады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109