2397

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне соғыс жылдарындағы әндер шырқалды

Елорда әкімдігі мен мемлекеттік академиялық филармония Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше музыкалық сый жасады. Төтенше жағдай режиміне байланысты оларға арнап басқосу ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған соң, әртістер қарттарды жеке-жеке құттықтап шығуға шешім қабылдады. Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары ардагерлердің аулаларында әскери әндер шырқады.

Оркестр менеджері Юлия Зайчиковскаяның айтуынша, құттықтау мұндай форматта алғаш өтуде.

«Менің ойымша, бұл мұндай жағдайда ойлап табылған ең жақсы жоба. Жалпы, бізде Ұлы Отан соғысының 44 ардагері бар. Бірақ бүгін бар болғаны 34-іне барамыз, өйткені кейбірі үйлерінде жоқ», – деп түсіндірді Ю.Зайчиковская.

Шара көрермендері – ҰОС ардагерлері көзіне жас алып, музыканттарға алғыс білдірді.

«Бүгін маған осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға үлкен рахмет. Жеңіс біздің көпұлтты халқымызға қандай қиындықпен келгенін білесіздер. Соғыс барлық отбасына әсер етті», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Бабичев.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн.теңгені құрады. 44 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн.теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109