3102

Б.Момышұлы даңғылы 22 мамырға дейін жартылай жабылады

Қала тұрғындары өз бағдарларын алдын ала жоспарлауы тиіс, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

11-22 мамыр аралығында Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аумақта жауын-шашын кәрізінің магистарльдық коллекторының құрылысы жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылы бойындағы көлік қозғалысы А.Тоқпанов көшесінің қиылысына дейін жабық болады.

Жабық аумақты айланып өту  бойынша көлік қозғалысы уақытша сызбаға сәйкес ұйымдастырылады.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолдағы көлік кептелісін болдырмау үшін  жүргізушілерден өз бағдарларын алдын ала жоспарлауын сұрайды. Жөндеу жүргізіп жатқан аумақтардағы қозғалыс кезінде жол белгілерін негізге алып, бекітілген уақытша сызба бойынша жүріп, мұқият болуларын сұраймыз», - дейді полицейлер.

Айта кетейік, аталған аумақта жүру жылдамдығы сағатына 40 шақырымға дейін шектеледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109