2586

Нұр-Сұлтанның жаңа инфекциялық орталығы барлық заманауи талаптарға сай

Қазір орталықта 300-ге жуық адам жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қысқа мерзімде салынған қалалық жұқпалы аурулар орталығы 3 мамырда жұмысын бастады. Қазір толығымен жұмыс істеп тұр, деді орталықтың директоры Анна Цепке. 

Нысан 200 науқасқа есептелген, оның 20-ы реанимациялық және 180 палаталық орын. Бүгінде мұнда 178 науқас бар.

«Орталықтың басты ерекшелігі -  лас ауаны пациенттер орналасқан палатаға кіргізбей, дәлізге жіберетін ағынды-сорғылы желдетуінің болуы. Бұл персонал мен аурухана ішінде індет жұқтырудың алдын алады.  Нысанның екінші артықшылығы – мұндағы «лас» және «таза» аймақтардың арасы дұрыс бөлінген, яғни науқас пен медициналық персоналдың орналасуы. Осылайша, Нұр-Сұлтанның жаңа Инфекциялық орталығы барлық заманауи талаптарға сай», - деді А.Цепке.

Оның айтуынша, орталықта диагностика жасауға қажетті жағдай бар. Барлық науқасқа компьютерлік томография жасалып, кешенді зерттеулер жүргізіліп, өкпедегі өзгерістер анықталады. Өкіпені жасанды желдету аппараты мен оттегі қолжетімді. Реанимациялық бөлімнен бөлек науқастар оттегі терапиясын алатын арнайы палаталар бар.

Осы күні орталықта 300-ге жуық  маман жұмыс істейді, олар дәрігерлер мен медицина қызметкерлері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109