2554

Нұр-Сұлтан мектептерінде қандай цифрлық жобалар қолданылуда?

Жаңа цифрлық жобалар пәндерді жақсы түсінуге және оқушылардың білім жүйесіне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оқу орындарында білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Okoo онлайн-платформасы», «Цифрлық оқулықтар» және «Цифрлық мектеп» пилоттық жобалары жүзеге асуда.

Okoo онлайн білім беру платформасы – «Информатика» пәнін оқытуға арналған жасанды интеллект алгоритмдері. Виртуалды оқытушысы бар, бағдарламалауды үйретіп, барлық адамға дербес мүмкіндік беретін платформа тәулік бойы әлемнің кез келген нүктесінде қолжетімді. Біріктірілген рейтинг жүйесі арқылы оқушылардың рейтингін объективті түрде анықтауға болады. Жоба қаланың 13 мектебінде жүзеге асуда.

Okoo платформасы 7–10 сынып оқушыларына Python тілінде бағдарламалауды үйренуге көмектеседі. Бүгінгі таңда платформаға 6015 оқушы тіркелген. «Okoo: онлайн бағдарламалау мектебі» жобасы аясында қаланың 13 мектебінен 86 информатика мұғалімі оқытылды. Тренингке үш білім беру курсы кіреді: «Python тілінде бағдарламалауға кіріспе», «Графикалық дизайн», «IT стартап курсы».

«Цифрлық оқулықтар» пилоттық жобасына төрт мектеп қатысады. Бұл жобада оқулықтардың сандық нұсқасы opiq.kz сайтына енгізіліп, «Алматыкітап» баспасымен, эстониялық Аvita баспасымен және Star Cloud IT-компаниясымен (ҚР БҒМ жобасы) бірлесіп әзірленген.

Жобаның мақсаты – электронды білім беру контенті мен заманауи педагогикалық технологиялар есебінен білім беру үдерісінде электронды оқулықтарды тиімді пайдалану және оқушыларды оқыту сапасын басқару жүйесін құру.

Мектептің ақпараттық-білім беру саласына электронды оқулықтарды енгізу электронды білім беру ресурстарын пайдалану сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оқушылар тек тыңдап ғана қоймай, берілген тапсырмаларды көріп, есте сақтау және орындау арқылы білім сапасын көтеруі тиіс. Бұл бағдарлама оқыту үрдісінде жаңашылдық саналады. Визуализация арқылы сабақтар қызықты, өзекті, заманауи бола түсті.

«Цифрлық мектеп» жобасына тоғыз мектеп қатысады. «Google-сынып» жобасы мұғалімдерге АКТ қолданудың қазіргі заманғы әдістемелерін үйретіп, Google қосымшаларын сабақ жоспарлау процесінде интеграциялауға көмектеседі,. Сондай-ақ G Suite бірлескен әдістемелік жұмысына, қағазсыз құжат айналымына, білім беруге арналған G Suite қосымшалары пакетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге үйретеді. Қазіргі уақытта жобаға 1112 мұғалім мен 1375 оқушы қосылған.

Бұдан басқа, «Е-портфолио» инновациялық электронды платформасы жұмыс істейді. Оған қаланың білім беру ұйымдарының барлық педагогтарының мәліметі енген. Бұл база мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтуға, аттестаттаудың жаңа форматына сәйкес, педагогтарды аттестаттаудың екінші кезеңін (жетістіктер сараптамасы) сапалы және ашық өткізуге мүмкіндік береді. Жүйе портфолионы қолмен толтырудан бас тартуға және жетістіктерді автоматты түрде бекітуге көшуге жағдай жасайды. Жаңа платформа ұстаздарды қағаз толтырудан босатып, өз қызметімен алаңсыз айналысуға мүмкіндік береді.

Айқындыққа, бейтараптыққа ерекше көңіл бөлініп, сертификаттау процесінде адами фактор алынып тасталады. Арнайы алгоритм бойынша тағайындалатын сарапшылар ұлттық біліктілік тестін сәтті өткеннен кейін онлайн режимде педагог қызметіне қорытынды жасайды. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы автоматты түрде жүзеге асады. Ал QR-коды бар санатқа ие электронды куәлік әрбір педагогтың жүйедегі жеке кабинетінде орналастырылады. Қағаз тасымалдау ақпараттары барлық процесстен шығарылды, енді оқытушылар процестер мен барлық жағдайлар туралы электронды пошта арқылы хабар алады. Электронды портал педагогтардың жеке мәліметтерін қорғайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109